Алматыда жел тұрып, жауын жауады

05.10.2018 16:24

Алматыда күн салқындайды. Алдағы аптада жаңбыр жауып, ауа температурасы -1 градусқа дейін төмендейді.  

Дүйсенбі, 8 қазан күні жаңбыр жауады. Термометр бағаны күндіз 18, түнде 6 градусты көрсетеді.

Сейсенбі,  9 қазанда ауа температурасы күндіз 16, түнде 4 градус болады.

Сәрсенбі, 10 қазанда күн бұлтты болады. Термометр бағаны күндіз 16, түнде 5 градусты көрсетеді.

Бейсенбі, 11 қазанда күн салқын болады. Жел тұрып, жаңбыр жаууы мүмкін.  Ауа температурасы күндіз 18, түнде 4 градусты көрсетеді.

Жұма,  12 қазанда термометр бағаны күндіз 17, түнде 4 градус болады.

Сенбі,  13 қазан күн бұлтты болады. Ауа температурасы 14, түнде 2 градусты көрсетеді.

Жексенбі, 14 қазанда термометр бағаны күндіз 11, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Күн бұлтты болады. Бірақ жауын-шашын болмайды.  

Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.


Теги: Жаңбыр