Шымкентте ауруханаға түскен полицей қайтыс болды

27.09.2018 21:00

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатқан полиция қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Шымкент қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұм 25 қыркүйек күні аурухана төсегінде көз жұмыпты. Бұл туралы ақпарат әл-Фараби аудандық ІІБ-нің кезекшілік бөліміне келіп түскен. Кейінірек анықталғандай, көз жұмған тәртіп сақшысы Шымкент қалалық ІІД-де жұмыс істеген екен. Қазір оның өлімінің себебі анықталып жатыр.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Фото: onmed.kz