Зейнеткерлерге өтемақы берілетіні жайлы жалған хабарлама таралды: ХҚКО-ларда шу шықты

Зейнеткерлерге өтемақы берілетіні жайлы жалған хабарлама таралды: ХҚКО-ларда шу шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зейнеткерлерге бір реттік 150 мың теңге төлемақы берілмейді. «Әр зейнеткерге Бірыңғай қордан ақша үлестіріп жатыр» деген әлеуметтік желіде желдей ескен ақпарат жалған болып шықты.

Десе де, Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары осы аптада орталыққа келген елде есеп болмады дейді. Тіпті, бүгін де келушілердің қарасы тыйылмады. Кезекке тұрғандардың айтуларынша, жалған мәліметке сеніп қалған.  

Кезекте тұрған зейнеткерлердің бірі: «Әлеуметтік желіден оқыдым. Осындай көмек береді екен деді. Өзімнің зейнеткерлікке шыққаныма 10 жыл болды. Соның анығын білуге келдім. Беріп жатыр деп айтады елдің бәрі. Орталықтың іші қаптаған кісі. Бәрі де кезекте тұр. Алайын деген соң мен де жүгірдім» десе, енді бір зейнеткер: «Менде зейнеткермін 15 жылдан бері. 150 мың теңге ақша береді деген соң осында келгенмін. Ол ақпарат қаншалықты рас немесе өтірік, білмеймін», деген қынжылысын білдірді.

Белгілі болғандай, бір реттік төлем инфляция деңгейіне байланысты 2003 жылдан бастап зейнетке шыққан әр қазақстандыққа беріле бастаған. Оны әрбір азамат зейнетке шыққан кезде міндетті түрде алған дейді мамандар. Айта кетейік, 2003 жылға дейін зейнеткер атанғандарға бұл өтемақы төленбейді.

«Мәселен, кәсіпорын жұмысшы айлығының 10 пайызын зейнетақыға аударады. Оның айлығы 100 мың теңге делік. Яғни, ай сайын 10 мың теңге аударып отыр. 10 жыл көлемінде аударған ақшасы 1 миллион теңгеге жеттік деп алайық. Осы уақытта жұмысшы зейнетке шықты. Дегенмен, оның инфляция деңгейіне байланысты жинақтамасы 900 мың теңге болып қалса, жетпеген 100 мың теңге бір рет төленеді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Алматы қаласы бойынша филиалының басқарма басшысы Найла МҰХАМЕТҚАЛИЕВА.



Новости партнеров