|
08.10.2018 | 11:29
1773

Назарбаев Путинді құттықтады

Назарбаев Путинді құттықтады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputniknews.kz

Назарбаев Ресей лидерімен қарым-қатынасы жайлы бірнеше рет жылы лебіз білдірген болатын. Екі ел басшысы ресми және бейресми кездесулерде көп жағдайда бірге көрінеді.

Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Беларусь, Сербия, Израиль президенттері, Армения премьер-министрі және басқа да көптеген елдің басшылары телефон арқылы тілектерін білдірді. 

Баспасөз хатшысының айтуынша, Владимир Путин туған күнін достарымен және отбасымен бірге тойлаған.

Белгілі болғандай, Путин өзінің 66 жасқа толған туған күнінде дағыстандық аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады. Ол ирландиялық Конор МакГрегорды төртінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтқан болатын.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир