Brent маркалы мұнайдың бағасы 81 доллардан асты

25.09.2018 16:30

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 2,65 долларға көтеріліп, 81,42 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,3 долларға қымбаттап, 72,08 доллар болды.