Террористер турист қыздардың бірінің басын кесіп, екіншісін бауыздап тастады

21.12.2018 16:30

Террористер турист қыздың басын кесіп жатқанда «Бұл Сирия үшін!» деп айқайлаған.

Мароккода экстремистер турист қыздың басып кесіп алып, оның құрбысының тамағынан орып жіберген, қаскүнемдер мұның бәрін видеоға түсіріп алған.

24 жастағы даниялық Луиза Вестерагер Йесперсен мен 28 жастағы норвегиялық Марен Уеландтың мәйіті Имлиль елдімекеніне жақын маңдағы таулардан табылған. Оларды жергілікті тұрғын тауып алыпты, деп хабарлады Sputnik Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

«Мен полиция келгенге кейін екі мәйітті көрдім. Бірі шатырда, бірі сыртта жатты. Сырттағысының басын кесіп алған», — деді жеке басының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін атаудан бас тартқан тұрғын.

Қыздарды соңғы рет Марракеш қаласындағы Faouzi қонақүйінің қызметкерлері көрген.

«Олар таңғы 10-да келіп, қонақүйде түнеді. Олар бесеу еді. Бәрі турист. Келесі күні таңертең үшеуі серфингке (суда сырғанау) кетті, қалған екеуі – Луиза мен Марен заттарын қалдырып, қалаға аттанды», — деп түсіндірді қонақүй қызметкері.

Оның айтуынша, қыздар кешке қонақүйге қайтып оралған кезде жергілікті үш жігіт еріп келген.

«Заттарын алып кету үшін сағат бесте қайта оралды. Оларды үш марокколық күтіп тұрды. Ұқыпты киінген, қылмыскерлерге ұқсамайды», — деп толықтырды ол.

Осыдан кейін қыздар қонақүйден жергілікті тұрғындармен бірге кетіп, содан бері ешкім көрмеген.

Полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Марокко билігі олардың бірінің экстремист екенін растады.

Дания үкіметі видеода ер адамның «Бұл Сирия үшін!» деп айқайлап жатқаны естілетіндіктен, қанды оқиғаға «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы мүшелерінің қатысы бар екеніне сенімді.