Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тенге арналған қойылыммен жеңіске жетті

24.09.2018 16:31

Бұл билері үшін қазылар алқасы канадалық жұпқа 120,74 балл қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

22 қыркүйек күні Канададағы Оквилл қаласында өткен Autumn Classic International турнирінде канадалық жұп Кэйтлин Уивер мен Эндрю билерін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің рухына арнады.

«Жанымызды ауыртса да, кейде жүрек үніне құлақ түре білуіміз керек», – деген қорытындыға келген олар Димаш Құдайбергеннің орындауындағы SOS, d'un terrien en detresse балладасына билеуге шешім қабылдаған.

Денис Тен Нью-Джерси штатындағы Хакенсак қаласында олардың қасында осы композицияға жаттыққан.

«Ол біздің досымыз еді. Біз Қазақстанға барғанда осы музыканы естіп, осы жазда оның осы әнге билегенін көрдік. Сол көрініс біздің ойымыздан шықпай қойды. Үйге келген кезде осы әннің басқа нұсқасына би қойдық (Лос-Анджелес: Дауыс)», – дейді Кэйтлин Уивер.

Қазылар алқасы осы билері үшін канадалық жұпқа 120,74 балл қойды. Турнир қорытындысы бойынша олар жеңіске жетті.

«Қайғылы жағдай орын алғанын естіген кезде біздің миссиямыз – осы биді Денистің рухына арнау екенін түсіндік. Біз сезімімізді өнер арқылы жеткіземіз», – дейді Уивер.

Спорт комментаторлары Денис Тенге арнау биі эмоциялық тұрғыда да, техникалық тұрғыда да сәтті шыққанын айтты.