Ақсу қаласында үйіне балкон арқылы кірмек болған 43 жастағы ер адам құлап, ауруханадан бірақ шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
«Жарақат алған азаматтың араққа сылқия тойып алғаны белгілі болды. Оқиға 10 қаңтар күні сағат 17.50-де орын алған», - делінген хабарламада.
Қалалық орталықтандырылған аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Айдын Кентпаевтың мәліметінше, мас күйінде жеткізілген адамның бас сүйек-миы зақымданып, екі аяғы сынған. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр.