Тікелей эфирде соққыға жығылған журналист өз-өзіне қол жұмсады

30.10.2018 16:39

«НТВ» телеарнасының журналисі Никита Развозжаев Мәскеуде өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Sputnik.

Тілші жақындары мен әріптестерімен қоштасып, әлеуметтік желідегі парақшасына хат қалдырған екен.

Айта кетейік, 25 жастағы Развозжаев 2016 жылдан бері НТВ арнасында қызмет еткен болатын.