|
29.10.2018 | 11:39
3027

Шымкентте 1 тонна палау дайындалды

Шымкентте 1 тонна палау дайындалды

Шымкентте «Қазақстандық палау» фестивалінде шамамен, 1 тонна палау дайындалды. Кез келген тұрғын палаудың дәмін тегін татуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Аспазшылар арасында жас мөлшерлемесі болған жоқ. Ең жас аспаз 17-де. Сайысқа жергілікті палау мамандары да, Ташкенттен келген шеберлер де қатысты. Дайындауға үш сағат берілді. Алайда, қатысушылар тағам дайындаудың тазалығы мен өнерін тексеретін қазылар алқасының түрін білмеген.

Олар әр түрлі ингредиенттер пайдаланды: кейбіреулері палауға күрке тауық еті мен бөдене қосып дайындаса, басқалары жылқы еті мен анар шырыны бар ерекше палау әзірлеген.

«Мен үшін бұл тек палау дайындау ғана емес, бағасы жоқ өнер. Әзірлеген палауымды өзінің дәмі мен иісі мен ғана емес, тамақты қалай бергенімді де есіне сақтап қалса екен деген ойда болдым. Ең бастысы, жұрт Шымкентте палау әзірлейтін керемет аспаздар бар екенін білсе болғаны. Біз туралы, біздің қаламыз жайлы барлық әлем білсе екен деп армандаймын», – деді жас аспаз Фарид.

Көрермендердің назарын ерекше «Шымкентің палауы» деп аталатын тағам аударды. Әзірлеушінің сөзінше, тағамның басты ингредиенті – жақсы көңіл күй.  

«Палау дәмді болуы үшін оны ерекше махаббатпен әзірлеу қажет, тек содан кейін оны немен әрлесең де, өзің білесің. Біздің «шымкенттік» палауымыз күріш және еттен дайындалады. Кейін оған креатив қосып, үстін мейіріммен себеміз. Бәрі дайын болған соң жақсы сөздермен араластырамыз. Шымкенттің палауы ерекше, егер біз тіпті бұл сайыста жеңбесек те, ол бәрібір ең үздігі болып қала береді», – деп өз дайындау әдісімен бөлісті Махмуджан.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир