12 жыл бойы комада жатқан ер адам 75 жастағы анасының арқасында есін жиды

12 жыл бойы комада жатқан ер адам 75 жастағы анасының арқасында есін жиды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай тұрғыны 12 жыл бойы комада жатқаннан кейін есін жиды. Осы уақыт бойы анасы оның жанында болып, күтім жасапты.

Бұл туралы Daily Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ван Шубао 2006 жылы жол апатына ұшыраған. Ол кезде ер адам 36 жаста болыпты.

Жол апатынан ауыр жарақат алған Шубао бастапқыда сал болып қалған. Артынша комаға түсіпті.

Сол кезде 63 жастағы анасы ұлын үйіне алып келіп, осы уақытқа дейін күтім көрсеткен. Қазір анасы 75 жаста. Ол ештеңеге қарамастан мойымай, ұлына деген қамқорлығын жалғастыруда.

Анасы 12 жыл ішінде бар жинаған ақшасын ұлының еміне жұмсапты. Мүлде ақшасыз қалған кезінде белшесінен қарызға батқан. Тіпті, 1 ай бойы тек су ішкен күндері болыпты.

Анасының еңбегі еш болмай, арада 12 жыл өткеннен кейін ұлы есін жиып, күлімсіреген.


Новости партнеров