Алматыда жемқорлыққа қарсы семинар өткізіп жүрген полицейдің өзі парамен ұсталды

03.01.2019 16:39

Алматыда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының төрт қызметкері парамен ұсталды деп жазады Informburo.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сұранысымен 2019 жылдың 29 желтоқсанында Дзигалюк, Нысанбаев, Орынбаев және Арашевты 2 айға қамауда ұстау туралы шешім шығарды», - делінген аталған хабарламада.

Сот мәліметінше, ұсталған төрт полицейдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-тармағының 1-4 тармақшалары бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қорқыту арқылы, аса ірі көлемде және бірнеше рет пара алу) іс қозғалған.

Осы ретте айта кету керек, ұсталған күдіктілердің бірі Игорь Дзигалюк – аталған басқарманың басшысы. Ол 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер өткізген.