Төрт дүркін Олимпиада чемпионы, венгер семсершісі Дьезе Кульчар 77 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Венгрияның Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында хабарланды, деп жазады Sputnik.
Кульчардың неден қайтыс болғаны хабарланбайды.
Семсерші 1964 жылы Токиода, 1968 жылы Мексикада (командалық және жеке жарыстар), 1972 жылы Мюнхенде (командалы жарыс) өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, ол әлем чемпионаттарында үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль иеленді.
1979 жылы спорттық мансабын аяқтаған соң Кульчар Венгрияның семсерлесу федерациясының бас хатшысы, сонымен бірге, ұлттық құраманың бас бапкері болады.