|
26.09.2018 | 11:41
2640

Астанада журналисті өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды

Астанада журналисті өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қайғылы оқиға өткен түні болған. Журналист Ирина Бекетованы бірге тұрған Анатолий Гусейнов қызғаныштан өлтірген. Ол оны кіреберісте ер адаммен кездестірген. Қайтыс болған әйелмен ер адамның арасында жанжал шыққан. Осы ұрысты көрген танысы кетуге ұйғарған. Алайда кетіп бара жатып, ер адамның әйелді ұрып жатқанын естіген. Жоғары көтерілгенінде әйелдің ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Бұл кезде Гусейнов белгісіз бағытта қашып кеткен», – дейді ІІМ өкілі.

Бекетова мен Гусейнов заң жүзінде отбасын құрмаған. Екеуінің ортақ екі баласы бар. Қылмыскерді ұстауға елордалық ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылған. ІІМ мәліметінше, Астана тұрғыны Гусейнов Анатолий Михайлович іздестірілуде.

Ол 1984 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Қандай да бір мәліметті белген жағдайда, азаматтардан дереу Астана ішкі істер департаментінің мына нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-60-17, 71-61-47, 71-60-21 немесе кезекші бөлім: 71-60-10, 71-60-11.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада өз үйінің кіреберісінде журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Ирина 10 жыл «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жұмыс істеді және осыдан 10 күндей бұрын Нұр.кз сайтына жұмысын ауыстырған болатын.

Фото: Tengrinews.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир