300-ге жуық құндыз терісін Алматыға апарып сатпақ болған азамат қолға түсті

300-ге жуық құндыз терісін Алматыға апарып сатпақ болған азамат қолға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында көлігінің жүксалғышына 200 кг балық пен 300-ге тарта құндыз терісін тиеп, Алматы қаласына әкетіп бара жатқан Балқаш ауданының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қапшағай қаласының маңында тоқтатылған Тойота автокөлігінің жүксалғышынан тасымалдауға рұқсат құжаты жоқ 89 кг жайын және 107 кг сазан балығы, сондай-ақ, су тышқанының 298 терісі табылды. Бұл факті бойынша Балқаш ауданының 25 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Қапшағай қаласы табиғатты қорғау полициясының өкілі, полиция капитаны Ринат Ботаев.

Полиция өкілдері заңсыз ауланған балық арнайы қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаржы мемлекет пайдасына аударылатынын айтты.

Сонымен қатар, осы дерек бойынша терілерге тиісті сараптама тағайындалып, оның корытындысы іс материалына қосылатынын жеткізді. Құқық бұзушының айтуынша, ол балық пен терілерді Алматы қаласына апарып сату үшін белгісіз біреулерден сатып алған.

Дегенмен, тәртіп сақшылары заңнама талаптарын білмеу азаматтарды заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.


Новости партнеров