MBAND тобының әншісі қазақстандық Анатолий Цой телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістігі үшін ресейлік ұлттық телевизиялық ТЭФИ сыйлығын алды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
ТЭФИ сыйлығын табыстаудың салтанатты шарасы 3 қазанда Мәскеудің мюзикл театрында өтті.
«Әнші жүргізуші болған «Саранхэ» жобасы «Прайм-таймның көңілді ток-шоуы» номинациясын жеңіп алды», - делінген хабарламада.
Биыл ақпанда Анатолий Цой CTC Love телеарнасындағы «Саранхэ» жобасының (корейше: «мен сені сүйемін» - Авт.) жүргізушісі болды. Бағдарламаның қатысушылары - ғашық жұптар, олар бір-біріне қатысты сұраққа жауап беріп, ақша ұтып алуға тырысады.
Айта кетейік, ТЭФИ финалында «Саранхэ» бірқатар ресейлік шоуды артта қалдырды: «Пусть говорят», «Привет, Андрей!» және «Секрет на миллион».
Анатолий Цой 1989 жылы 28 шілдеде Алматыда туған. Ресейлік «Хочу к Меладзе» телешоуының жеңімпазы. Сонымен қатар, Екінші Дүниежүзілік Дельфи ойындарында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша қола медаль алған, ол National ұжымының қатарында жүріп X Factor шоуының қазақстандық нұсқасына қатысқан.2007 жылы SuperStarKZ жобасының төртінші маусымына қатысты. Қазіргі таңда ол ресейлік MBAND атақты бойз-бендінің әншісі.