Оралда әйелді пойыз қағып кетті

14.11.2018 16:42

Оралда жолаушылар пойызы 30 жастағы келіншекті қағып кетті, деп хабарлайды tdk42.kz.

Оқиға бүгін таңертең Желаев жолы, 4-шағынаудан маңында орын алған. Жолаушы пойызы Саратов – Алматы бағыты бойынша бет алған болатын.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

«Жедел жәрдем сағат 08.20-да шақыртылған. Оқиға орнында жедел жәдрдем бригадасы үш минуттың ішінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша әйел бас пен мидың ашық жарақатын алған. Қазіргі таңда облыстық ауруханаға жеткізілді, нейрохирург қарап жатыр», - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.