Елімізде баспана бағасы қымбаттады

01.11.2018 16:42

Қазақстанда баспананың орташа бағасы өсті, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бұл айда ҚР жылжымайтын мүлік нарығында оң динамика байқалған. Ұсыныстың орташа бағасының өсуі бірқатар өңірде орташа деңгейден айтарлықтай жоғары болды. Индексі өзгеріске қаттырақ ұшыраған қалалар рейтингінде Петропавл көш бастап тұр.

Бұл қалада аудан бірлігінің құны 4,8 пайызға өсіп, 195,3 мың теңге болды. Үштікке Өскемен қаласы кіріп отыр, онда ұсыныстар қыркүйектегі ұсыныстарға қарағанда 3,2 пайызға өскен. Қазіргі шаршы метрінің құны 174,8 мың теңге. Оң динамика Көкшетауда байқалған. Бір ай ішінде мұнда орташа баға 3,2 пайызға өсіп, орташа мәні 185 мың теңгеге жеткен.