Ұл баланы қалаған ер адам әйелі туған қызды 200 мың теңгеге сатты

Ұл баланы қалаған ер адам әйелі туған қызды 200 мың теңгеге сатты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда ер адам ұл баланы бірнеше жыл бойы армандапты. Әйелі жүкті болғаннан бастап мирасқорын күткен көрінеді. Өзінің ойындағы арманы жүзеге аспаған ол  дүниеге келген қызды бірден сатуға оқталған. Әрі оны сатып алатын адамды да тауып қойған, деп жазды kyn.kz.

Оқиға Чжэцзян провинциясының Иу қаласында  42 жастағы Сяохуэя Лидің басынан өткен. Бұл баладан бөлек, оның үлкен қызы бар екен. Қыз баланы қаламаған ер адам оны балаға зар болып отырған ерлі-зайыптыға 4 мың юаньға, яғни 200  мың теңгеге сатып жіберген.

Лидің анасы екінші немересінің кенеттен жоғалып кеткеніне шағымданып, полицияға арызданады. Полиция он жыл бойы бала сүйе алмаған отбасының сатып алғанын анықтап, нәрестені әжесі мен анасына қайтарды. Ал баланың әкесі және сатып алған әйел мен ер адам қазір тергелуде. Олар осы қылмысы үшін он жылға қамалуы мүмкін.

Баланың әкесі осы өз әрекетін ұл бала қалайтынымен, жұмыссыз болғандықтан екі бірдей қызды асырауға шамасы келмейтінімен түсіндірмек болыпты.


Новости партнеров