|
10.01.2019 | 11:50
7571

Алматы полициясы жиі қылмыс болатын 22 түнгі клуб пен кафе-бардың тізімін жариялады

Алматы полициясы жиі қылмыс болатын 22 түнгі клуб пен кафе-бардың тізімін жариялады

Алматы полициясы қылмыс көп болатын түнгі демалыс орындарын атады. Полиция қара тізімде тұрған 22 нысанды қатаң бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көңіл көтеретін орындардағы адамдардың қауіпсіздігі Алматы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қалада 400-ге жуық орын бар. Оның 38-і - түнгі клуб, 45-і - кафе-бар, ресторандар екен.

«Бұл дәмханалардың жұмысына заң бойынша уақытша шектеу жоқ. Сондықтан олардың жұмысы кафенің ішіндегі және соған жақын аумақтағы құқықтық тәртіптің бұзылуына қатты ықпал етеді. Бұл дәмхана иелерінің көпшілігі мамандандырылған күзет жалдамайды. 2018 жылғы мониторинг көрсеткендей, қалада қылмыстың көпшілігі 22 нысанда тіркелген. Мәселен, «Пионерская правда» түнгі клубында өткен жылы 12 төбелес болса, 16 қылмыс орын алған. Оның ішінде, 2 адам өліп, 2 адам ауыр жарақат алған. Көп жағдайда біліктілігі төмен күзетшілер төбелестің алдын алуға тырыспайды. Сыртқа шығарып жіберумен ғана тыйылады. Соның кесірінен жанжал ошағы сырттағыларға да қауіп төндіреді. Мәселен, Чукотка барындағы төбелес соған дәлел бола алады», - деді қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқарма басшысының міндетін атқарушы Төрехан Исин.

Комиссия алқасы дәмхана мен бар иелеріне міндетті түрде мамандандырылған, лицензиясы бар күзет жалдауға, маңайдағы видеокамераларды көбейтуге міндеттеді.

Оларға осы талапты орындауға 1 ай уақыт берілді.

Полицияның хабарлауынша, ең қауіпті орындар мыналар:

Алатау ауданы бойынша - 3 орын:

- «Шаңырақ-2» шағынауданы, Жанқожа батыр, 35 мекенжайындағы «Бақытжан» дәмханасына өткен жылы 44 рет полиция шақыртылған. 12 қылмыс болған.

- Райымбек, 355 мекенжайындағы «Эверия» дәмханасына өткен жылы 31 рет полиция шақыртылған. 6 қылмыс тіркелген, 1 адам өлген.

- Н.Данченко, 1 А мекенжайындағы «Эмиль» дәмханасына өткен жылы 24 рет полиция шақыртылған. 5 қылмыс тіркелген.

Алмалы ауданы бойынша - 5:

- Сейфуллин, 481 мекенжайындағы «Esperanza» түнгі клубына өткен жылы 302 рет полиция шақыртылған. 89 қылмыс тіркелген.

- Сейфуллин, 404 мекенжайындағы «Шифо» дәмханасына өткен жылы 60 рет полиция шақыртылған. 15 қылмыс тіркелген.

- Сейфуллин, 404 мекенжайындағы «Арагоста» дәмханасына өткен жылы 52 рет полиция шақыртылған. 14 қылмыс тіркелген.

- Желтоқсан, 148 мекенжайындағы «Алмалы» кешеніне өткен жылы 107 рет полиция шақыртылған. 25 қылмыс тіркелген.

- Қабанбай батыр, 132 мекенжайындағы «Гранд Опера» клубына өткен жылы 63 рет полиция шақыртылған. 25 қылмыс тіркелген.

Әуезов ауданы бойынша - 3:

- Төле би, 279/1 мекенжайындағы «New Angar» дәмханасына өткен жылы 136 рет полиция шақыртылған. 66 қылмыс тіркелген, 4 адам ауыр жарақат алған.

- Школьный, 2/5 шағын ауданындағы «Луна» дәмханасына өткен жылы 86 рет полиция шақыртылған. 15 қылмыс тіркелген, 2 адам ауыр жарақат алған.

- «Ақсай 1 А» шағынауданындағы «Алмалы» мейрамханасына өткен жылы 67 рет полиция шақыртылған. 18 қылмыс тіркелген, 2 адам ауыр жарақат алған.

Бостандық ауданы бойынша - 4:

- Гагарин, 111 А мекенжайындағы «Пионерская правда» түнгі клубына өткен жылы 24 рет полиция шақыртылған. 16 қылмыс тіркелген, 2 адам өліп, 2 адам ауыр жарақат алған.

- Желтоқсан, 17 А мекенжайындағы «Накатика» түнгі клубына өткен жылы 23 рет полиция шақыртылған. 18 қылмыс тіркелген.

- Жандосов, 2 Б мекенжайындағы «Underground» түнгі клубына өткен жылы 18 рет полиция шақыртылған. 9 қылмыс тіркелген. Оның ішінде, заңсыз есірткі айналымы бойынша 1 қылмыс тіркелді.

- Розыбакиев, 234 мекенжайындағы «Жесть» түнгі клубына өткен жылы 16 рет полиция шақыртылған. 3 қылмыс тіркелген.

Медеу ауданы бойынша - 4:

- Зенков, 13 мекенжайындағы «Синий Фантомас» түнгі клубына өткен жылы 24 рет полиция шақыртылған. 4 қылмыс тіркелген.

- Құрманғазы, 25 мекенжайындағы «ВНВ» түнгі клубына өткен жылы 32 рет полиция шақыртылған. 5 қылмыс тіркелген.

- Достық, 535 мекенжайындағы «Манана» караоке барына өткен жылы 28 рет полиция шақыртылған. 3 қылмыс тіркелген.

- Зенков, 24 мекенжайындағы «Территория соединенных Баров» түнгі клубына өткен жылы 31 рет полиция шақыртылған. 8 қылмыс тіркелген.

Түрксіб ауданы бойынша - 3:

- Ақан сері, 63 мекенжайындағы «Габали» дәмханасына өткен жылы 27 рет полиция шақыртылған. 4 қылмыс тіркелген.

- Ақан сері, 65 мекенжайындағы «Шалахо» дәмханасына өткен жылы 31 рет полиция шақыртылған. 5 қылмыс тіркелген.

- Осипенко, 5 мекенжайындағы «7 жол» дәмханасына өткен жылы 25 рет полиция шақыртылған. 17 қылмыс тіркелген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир