Елімізде ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018 16:54

Атап айтқанда, бүгін Парламент мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттар әуе билеттері бағасының жоғары болуы туризмді дамытуға кедергі болып отырғандығын атап өтті. Өз кезегінде, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын айтты.

Оның атап өтуінше, билет құны бірнеше индикаторлар есебінен қалыптасады. Соның ішінде, авиаотын бағасы негізгі көрсеткіш болып отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы электрондық виза тетігі қашан енгізілетінін айтты.