Елімізде доллар бағамы 360 теңгеге жетті

26.09.2018 16:55

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 359,48 теңге болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

26 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 356,8 теңгемен өтті. Максималдық құны 360,07 теңге болды, ал минималдық құны - 356,80 теңге.

Сауданың жалпы көлемі 105,5 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 357,5-360,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 11.20-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 81,8 доллар болды.