|
25.12.2018 | 11:55
1851

Түркістан облысында үйлену тойы қайғылы жағдаймен аяқталды

Түркістан облысында үйлену тойы қайғылы жағдаймен аяқталды

Түркістан облысының Шәуілдір аулында тойдан жаяу қайтып келе жатқан ерлі-зайыпты қайғылы жағдайға душар болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік оларды қағып кеткен. Салдарынан ер адам көз жұмып, жұбайы ауруханадан бір-ақ шықты. Жүргізушінің өзі оқиға орынан қашып кеткенімен, сол жерде оның көлігінің мемлекеттік нөмірі қалған.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға желтоқсанның 1-інен 2-сіне ауған түні орын алған. Зардап шеккен Фарида Көбей сол түні күйеуінің сөзін тыңдап, үйге жаяу баруға келіскеніне өкінетінін айтып отыр.

«Үйлену тойынан қайтып келе жатқанбыз. Күйеуім артымда келе жатты. Кенеттен біртүрлі дыбыс пен соққының даусын естідім. Көзімді ашқанда, жүк салғышының үстінде дөңгелек тұрған көліктің кетіп бара жатқанны көрдім. Артынша көліктің нөмірін көріп, оны алып, әрең дегенде күйеуімнің жанына бардым. Алайда ол қайтыс болып кеткен еді», – дейді зардап шеккен Фарида Көбей.

Есеңгіреп қалған әйел бірден туыстарына қоңырау шалыпты. Оқиға орнына бірінші болып марқұм Бүркіт Сариевтің ағасы келіпті.

«Ол адамдарды қағып, қашып кеткен. Алайда артынша көліктің нөмірін алып кету үшін қайтып келген. Бұл кезде нөмір келініміздің қолында болған. Ол келінімді жұлқылап, көліктің нөмірін тартып алмақ болған. Жанында екі полиция қызметкері тұрыпты. Ол жүргізуші – Талғат Тыныбеков. Лицей-интернатта меңгеруші болып қызмет етеді», – дейді марқұмның ағасы Өскен Сариев.

Фарида Көбейдің сөзінше, Талғат Тыныбеков те сол тойда болған. Алайда артынша көлігін отырып, кетіп қалған. Бұл кезде ол мас болған болуы мүмкін, дейді зардап шегуші.

Әйелдің айтуынша, полицейлер тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Ал Талғат Тыныбеков педагог қана емес, ауылдағы ықпалды адам көрінеді.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиғаға кінәлі азаматтың тиісті жазасын алатынын айтты.

«ҚР ҚК 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабына (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жүргізушіге қатысты бірқатар сараптама тағайындалды. Оның көлікті тізгіндеген кезде мас болған-болмағанын анықтау үшін химиялық сараптама жасалады. Аталған сараптамалардың нәтижесі бойынша қорытынды процессуалдық шешім шығарылады», – дейді Түркістан облыстық Полиция департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Апаттан қайтыс болған Бүркіт Сариевтің артында 4 баласы мен жұбайы қалды. Балаларының екеуі кәмелет жасқа толмаған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир