|
23.11.2018 | 15:30
3816

Алматыда ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды

Алматыда ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды

Алматыда Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекті жылдамдатқаны үшін жұрттан заңсыз ақша алған инспектор қолға түсті. Бұл туралы бүгін қаланың Полиция департаментіндегілер мәлімдеді.

Белгілі болғандай, орталық қызметкері арам ойын сыртта жүрген «жәрдемшілер» арқылы жүзеге асырған. Делдалдар ғимарат кіреберісінде тұрып, тұрғындарға кезекті күттірмеудің оңай жолын айтқан. Келіскендері «бармақ басты, көз қысты әрекетке көшіп», жәрдемшілердің қолдарына ақша қыстырыпты. Сөйтіп, шаруаларын тез тындырған. Ал тапқан табыс теңдей бөлінген екен. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар ақшаның жартысын корпорацияның инспекторларына беріп отырыпты. Қызметкерлер кезекті жеделткені үшін әр адамнан 7 мың теңгеден бастап 15 000 теңгеге дейін пайда тапқан.

« – Халықтың документтерін тездетіп шығарып беру үшін, ақшасын аламын.

– Көмек көрсеткеніңіз үшін сізге күнде қанша ақша береді?

– 5000, 10000 теңге береді. 50 пайызын соған беремін. Екеуіміз бөліп істейміз», - деді ұсталғандар.

Қазір қолға түскендердің үстінен «Заңсыз сыйақы алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Іс материалдары үш күн ішінде сотқа жолданатын көрінеді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир