Қазақстан топырағы Ресейде 1 миллион рубльге сатылып жатыр

01.10.2018 16:56

Барнаул тұрғыны Семей сынақ полигоны болған жерден еріген топырақты сатылымға қойды, топырақтың жалпы құнын 1 миллион рубль деп көрсеткен (шамамен 5,5 миллион теңге). Бұл туралы «Алтайская правда» порталы хабарлайды деп жазады Tengrinews.kz.

Сатылым туралы хабарламасын ресейлік 20 қыркүйекте Avito сайтында жариялаған. «Коллекция жинаушыларға нағыз таптырмас нәрсе. Құрамында еріген топырақ бар», - деп жазылыпты хабарламада. Сондай-ақ ол тауардың суретін жариялап қойған.