«Не істеп тұрсың?»: Алматыда жігітіне үйленуге ұсыныс жасаған қыз ұрыс естіп қалды (ВИДЕО)

26.12.2018 16:57

Алматыда бойжеткен жігітіне тізерлеп тұрып, тұрмыс құруға ұсыныс жасады. Алайда, артынша ұрыс естіп қалған. Осынау сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде шарлап жүр.

Бейнежазбада қыз жігітінің алдына тізерлеп отырып, өзіне үйленуге ұсыныс білдіреді. Тіпті, оған неке сақинасын тақпақшы болған. Алайда, ештеңе түсінбеген жігіт қыздың қолын қағып кетіп қалады.

Кадр сыртында қыздың құрбыларының «Сенен кешірім сұрап тұр ғой» деген дауыстары естіледі.

Видео Алматыдағы сауда орындарының бірінде түсірілген.

Теги: қыз