Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматын елден қумақшы

Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматын елден қумақшы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматын елден шығаруды талап етіп жатыр.

Осыған байланысты Әуезов аудандық сотына Али Демирдің жауапкершілікке тартылуына байланысты ел аумағынан шығару туралы азаматтық шағым түсірген.  

«Алматы қалалық №2 Әуезов аудандық сотына арызданушы көші-қон полициясы бөлімінің Әуезов ауданының ішкі басқармасы Ішкі істер басқармасының арызы бойынша Түркия азаматы Али Демирді Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы шегінен тыс шығарып салу туралы арыз шағым түсірді», – деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің маманы Абай ЖАРЫЛҚАСЫН.

Еске сала кетсек, Алматыда 18 қыркүйекте Али Демир науқастарды ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігінің қозғалысына кедергі жасап, жүргізушіге қол көтерген болатын. Көп ұзамай полицейлер оны қолға түсіріп, уақытша ұстау абақтысына жабылған. Ол 1990 жылы туған Түркия азаматы болып шыққан. Кейін ол екі жақтың татуласуы бойынша босап, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.  



Новости партнеров