Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

05.10.2018 17:00

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырды.

«Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін көмек болады. Бұл барлық салада, түрлі меншікті кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген 1,3 миллион адамның жалақысын өсіреді», - деді Президент.