|
22.10.2018 | 12:00
7118

Алматыда күн қайта жылынады

 Алматыда күн қайта жылынады

Алдағы аптада Алматыда күн қайта жылынады. Синоптиктердің болжамынша, термометр бағаны +18 градусқа дейін жоғарлайды.

Дүйсенбі, 22 қазан күні термометр бағаны +17, түнде +4 градусты көрсетеді.

Сейсенбі,  23 қазанда күн жылы болады. Ауа температурасы күндіз +17, түнде +3 градусты көрсетеді.

Сәрсенбі,  24 қазанда ауа температурасы аздап төмендейді. Термометр бағаны күндіз +14, түнде +3 градус болады.  

Бейсенбі, 25 қазан күні ауа температурасы күндіз +16, түнде +6 градусты көрсетеді.

Жұма,  26 қазанда термометр бағаны күндіз +18 градусқа дейін жоғарлайды, түнде +7  градус болады.

Сенбі,  27 қазан алматылықтар үшін отбасымен бірге серуендеп қайтуға қолайлы күн болмақ. Себебі ауа температурасы күндіз +18, түнде +7 градусты көрсетеді. Жауын-шашын болмайды.

Жексенбі, 28 қазанда термометр бағаны күндіз +17, түнде +5 градус жылы болады.  


Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир