Алдағы аптада Алматыда күн қайта жылынады. Синоптиктердің болжамынша, термометр бағаны +18 градусқа дейін жоғарлайды.
Дүйсенбі, 22 қазан күні термометр бағаны +17, түнде +4 градусты көрсетеді.
Сейсенбі, 23 қазанда күн жылы болады. Ауа температурасы күндіз +17, түнде +3 градусты көрсетеді.
Сәрсенбі, 24 қазанда ауа температурасы аздап төмендейді. Термометр бағаны күндіз +14, түнде +3 градус болады.
Бейсенбі, 25 қазан күні ауа температурасы күндіз +16, түнде +6 градусты көрсетеді.
Жұма, 26 қазанда термометр бағаны күндіз +18 градусқа дейін жоғарлайды, түнде +7 градус болады.
Сенбі, 27 қазан алматылықтар үшін отбасымен бірге серуендеп қайтуға қолайлы күн болмақ. Себебі ауа температурасы күндіз +18, түнде +7 градусты көрсетеді. Жауын-шашын болмайды.
Жексенбі, 28 қазанда термометр бағаны күндіз +17, түнде +5 градус жылы болады.
Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.