Павлодарда тонналаған жасымық бұршағы астында қалған ер адам көз жұмды

Павлодарда тонналаған жасымық бұршағы астында қалған ер адам көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда жұмыс орнында жүрген ер адам тонналаған жасымық бұршақтарының астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл шақырудың бірінші санаттағы деңгейі. Сондықтан дәрігерлер бригадасы оқиға орнында он екі минуттың ішінде болды. Бес минуттан кейін құтқарушылар жасымық бұршағы толған шұңқырдан жансыз жатқан зардап шегушіні шығарып алды», – деді Павлодар жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая журналистерге.

30 жастағы КамАЗ жүргізушісін Павлодардағы № 2 көкөністер базасында бірнеше тонна жасымықты түсіру кезінде басып қалған. Бұл, күндізгі сағат он бір шамасында болған. Анықталғандай, ол қауіпсіздік техникасы ережелерін ұстанбай, жүк көлігінің бортын ашып жіберген. Тонналаған жасымық бұршағы оны бірден көміп қалған.

«Дәрігерлер ер адамның өлімі тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясы салдарынан, яғни тұншығудан болғанын анықтады», – деді  Ольга Вербовая.


Новости партнеров