Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі жұмысқа шықты

Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі жұмысқа шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучма ем-домнан кейін жұмысқа шықты. Бұл туралы Николайдың адвокаты айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Алматы адвокаттар коллегиясының мүшесі Андрей Диденко өзі қорғап жатқан адамның емделіп келе жатқанын мәлімдеді.

«Құдайға шүкір, Николай емделіп келеді. Одан бөлек, кешеден бастап жұмысқа шықты», – деді адвокат.

Естеріңізге салсақ, оқиға Алматыда 18 қыркүйекте болды. Ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген. Жәбірленушінің беті бірнеше жерден тігілді.  

Оқиға видеоға түсіп қалған.

61 жастағы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қарт адамды ұрған жігітті анықтады. Ол – Түркия азаматы Али Демир. Оған қатысты «Бұзықтық» бабымен іс қозғалды. Али Демир кепілдікпен бостандыққа жіберілді.

Осы оқиғадан кейін ММА спортшысы Сәбит Жүсіпов Али Демирді жекпе-жекке шақырған еді.


Новости партнеров