Алматыда көлік ұрлаған екеу жол апатына ұшырады

19.12.2018 в 17:04

Алматыда екі жігіт көлік ұрлап әкетіп, жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Тенгриньюс.кз сайты СТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Opel Төле би көшесімен шығысқа қарай беттеген. Белгісіз себептермен жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, бар жылдамдығымен шам бағанасын соққан.

Салдарынан екі адам зардап шекті, олар: жүргізуші мен жолаушы. Екеуі де аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Сөйтсе, екеуі бұл көлікті Қожамқұлов көшесінен ұрлап әкеткен екен.