|
05.10.2018 | 12:04
2067

Елбасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашалығы жұмысын реформалауды тапсырды

Елбасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашалығы жұмысын реформалауды тапсырды

Еліміздің антимонополиялық ведомствосының қызметін реформалау қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді ретке келтіру мәселесіне тоқталып, тұрғындардан жиналған қаражаттың қайда жұмсалатындығы ашық еместігін баса айтты.

«Жүргізілген сауалнама дәл осы мәселелердің халықты алаңдататындығын көрсетіп отыр. Адамдар ақша төлейді, ТКШ жинап алады. Одан кейін оның қайда жұмсалатындығын ешкім де білмейді. Ал тарифтер де, баға да өсіп жатыр. Неліктен? Объективті себептері жоқ. Біз бақыламаймыз, қарамаймыз», – деп атап өтті Елбасы.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, бұл барлық деңгейдегі жергілікті әкімдердің, органдардың бақылауында болуы тиіс мәселе. Сонымен қатар, монополистердің инвестициялық міндеттемелерін мониторингтік бақылаудың да жоқ екенін баса айтты.

«Сондықтан Үкіметке үш айлық мерзімде, яғни жаңа жылға дейін бұл мәселенің мән-жайын анықтап, антимонополиялық ведомствоның жұмысын реформалап, бәсекелестікті қорғау жөніндегі қызметін күшейт қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир