БҚО-да оқушы қыз балаға шприц сұғып алды

29.10.2018 17:05

Жаңақала ауданы Жуалыой ауылындағы Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Елтыныш Аманжол 22 қазан күні 6-сыныпта оқитын Эльвира Жарастың сол жақ қарына шприц сұғып алған. Оқушы медбикеге барып, алғашқы көмек алған. Күні бүгін жарақат алған қыз бала аудандық емханада тексерістен өткізіліп, ем алуда және қосымша амбулаторлық бақылау тағайындалған, деп хабарлайды ТДК 42.

«Жалпы медициналық тексерістің алдын ала қорытындысы бойынша қан арқылы жұғатын қауіпті инфекциялық аурулардың белгілері анықталған жоқ. Қыз баланы ата-анасы 25 қазан күні аудандық ауруханаға әкелген. Бүгінде қажетті ем дом жасалауда», - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы АЙНАГҮЛ САҚПОСЫНОВА.