Аянышты халге түскен кішкентай қыз удай мас анасын тұрғызбақ болды – видео

02.11.2018 17:09

Бішкек тұрғыны 30 қазан күні қоршаудың түбінде жатқан удай мас анасын тұрғызбақ болған 4-5 жастағы қызды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Видео авторының айтуынша, әйел алдымен балаға айқайлап, оны ұрып-соққан.

«Менің әйелім жақындап барып еді, оған аузына келгенін айтып, балағаттады, біз үйге кетіп қалдық. 10 минуттан кейін қайта шығып, барлығын камераға түсірдім», — деп түсіндіреді куәгер.

Видеодан масайған әйелдің жерден тұруға, тіпті сөйлеуге шамасы келмей жатқанын түсінуге болады. Жазба авторы қыздың аш және үсті-басы кір-қожалақ, киімі жыртық болғанын атап өтті.  

Бішкектегі Бірінші мамыр ауданының ІІБ қызметкерлері аталған факті бойынша тексерісті бастағанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланың тағдыры не болатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.