Елімізде жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

26.11.2018 17:11

Қазақстанда тұрғындар сұранысының артуына байланысты мереке күндері үш бағытта жүретін қосымша үш пойыз қозғалысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді: Алматы-2 - Шымкент  – ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын  2 рейс.

Астана-1 – Павлодар  – ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.

Астана-1 - Алматы-1  – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады.

Мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр: 

ҚР Тұңғыш Президенті күніне – 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін)

ҚР Тәуелсіздік күні – 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері) 

Жаңа жыл мерекесіне - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан - 3 қаңтар аралығында).

Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады.