|
28.11.2018 | 12:11
1999

Қырғызстанда бойжеткен жоғалып кеткен қазақстандық анасына іздеу салды

Қырғызстанда бойжеткен жоғалып кеткен қазақстандық анасына іздеу салды

Бішкектің Аламедин-1 шағынауданының тұрғыны Айжан есімді қыз өзін 6 жасында тастап кеткен анасына іздеу салады, деп хабарлайды sn.kz Қырғызстан Республикасының ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, қыз осы жылдың жаз айында БАҚ-тан көмек сұраған.

«Ол тек әкесінің аты – Леонид, ал анасының есімі – Тамара екенін ғана біледі. Анасы Қазақстанға жиі барып жүрген. Соған қарап оны қазақ деп отыр. Айжанның төл-құжаты жоқ. Сол себептен де ол өзінің нақты жасын білмейді», – делінген хабарламада.

Қыз анасына оның суреті арқылы іздеу салған. Қырғызстан мен Қазақстанның полиция қызметкерлері іздеу шараларын жүргізгенімен, ешқандай нәтиже жоқ.

Алайда Қырғызстан Республикасының ІІМ өкілдері егер суреттегі әйелді танитындар болса, полицияға хабарласуларын сұрайды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир