ШҚО-да 19 жастағы сарбаз атылып өлген: тергеу басталды

22.11.2018 17:14

Борышын өтеуге биыл мамырда шақыртылған 19 жастағы сарбаз 17 қарашада шекара заставасына қайтып келе жатқан жолда атылып өлген. Бұл мәліметті ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіндегілер растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, жігіт Алматы облыстық Қарасай ҚІО-дан шақыртылған.

«Бекітілген автоматпен оң жақ кеуде тұсына оқ атқан. Оны Зайсан қалалық орталық аудандық ауруханаға шұғыл тасымалдау шарасы жүргізілген. 14.00-де жедел жәрдем дәрігерлері орталық ауруханаға алып бара жатқан жолда сарбаз қайтыс болды, диагнозы - оң жақ кеуде тұсына оқ тиген», - делінген хабарламада.

Өлім дерегі бойынша әскери тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Күдіктілер әлі анықталмаған.