Қарағандылық жігіт егізін пышақтап өлтірді

20.12.2018 17:14

Қарағандыда 21 жастағы туған бауырлар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға Прошахтинск ауданындағы пәтердің бірінде орын алған. Сөзге келіп қалған егіз-бауырдың бірі сыңарының жүрегіне пышақ сұққан.

Жанжалдың неден пайда болғанын әзірге белгісіз.

Оқиға орнына жеткен «жедел жәрдем» қызметкерлері егіздің сыңарының өміріне араша бола алмапты.

«Өкінішке қарай, жәбірленуші «жедел жәрдем» көлігінде қайтыс болды. Толық ақпаратты бере алмаймыз», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық көмек» мекемесі.

Полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында құрықтаған. Сыңарын өлтірген күдікті қашуға оқталмапты.