|
07.12.2018 | 12:15
1713

Алматы әуежайында осымен екінші күн рейстер кешігуде

Алматы әуежайында осымен екінші күн рейстер кешігуде

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты  рейстер кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды  Алматының халықаралық әуежайның баспасөз қызметі.

«Алматыдағы халықаралық әуежай орналасқан ауданды тұман басып, көру мүмкіндігінің 75/50 дейін түсуінен рейстер кестесінде өзгерістер болды», -делінген хабарламада.

Дәл қазіргі уақытта мына рейстер кешігуде:

357 Алматы-Астана а/к QazaqAir,

851 Алматы-Астана а/к AirAstana,

725 Алматы-Өскемен а/к Scat.

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайы III ИКАО санатына жатады, сондықтан мұндай қалың тұманда да әуе бортын қабылдай беретіндігі айтылған. Алайда мұндай санат әуе кемесіндегі экипажда да болуы керек.

Барлық жолдаушыларға әуежай анықтамасынан немесе әуекомпанияларынан рейстің уақытын алдын ала анықтап алу ұсынылуда. Алматы әуежайының анықтама бөлімі – 8 (727) 270-33-33.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир