Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы уақытта елде халық тұтынатын тауарларды өндіруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Халық тұтынатын тауарларды өндіретін кез жетті. Мұны біз ұмыттық. Егер сіздер киген шетелдік киімді алып алсақ, сіздер тыр-жалаңаш қаласыздар. Біз костюм, көйлекті өндіре аламыз. Тек оған қолдау көрсету керек. Өзіміздің тауарларды шығару қажет. Отандық өндірушілердің костюмдерін киіп жүрмін. Олар шетелден кем жасамайды. Сондай-ақ, бағасы да 10 есе арзан. Қазақстандықтар байи бастады. Біз тіпті бағасына да қарамаймыз», – деді Назарбаев.
Осы орайда бұл еліміздің экспорттық әлеуетін көтеру үшін маңызды екенін айтты.
«Егер шетелдік тауарлардың экспорты аз болса, сол мемлекет барынша тәуелсіз болады. Түсінесіздер ме?», – деді Елбасы.