|
03.10.2018 | 12:20
951

WBA бойынша әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

WBA бойынша әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

WBA Super бойынша әлем чемпионы, Дүниежүзілік бокс суперсессиясының (WBSS) алғашқы маусымында топ жарған ұлыбританиялық Каллум Смит әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді, деп жазады Sputniknews Sports.kz сайтына сілтеме жасап.  

«Атағы әлі жер жарады. Қаржы жағынан тиімді кездесу болатынына сенімдімін, оны ұтатын болса, бұл үлкен жеңіс болғалы тұр», – дейді Смит.

Головкин Альварестен ұтылса да, британдық жігіт оны жеңіліс тапты деп санамайды екен.

«Мен үшін ол әлі де ең даңқты боксшы. Тіпті орташа ауыр және супер ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшылардан да беделі жоғары», – дейді Смит.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-mobile аренасында Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қарымта-жегі өткен болатын. 12 раундқа созылған кездесу төрешілер шешімімен «Канелоның» пайдасына шешілді. Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп, барлық чемпиондық белбеуінен айырылған еді.

Ал сейсенбі күні GGG туған қаласы – Қарағандыға келгені белгілі болды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир