|
26.10.2018 | 12:22
2792

Видеоблогер Аминка Витаминканың отбасы Мәскеуге көшті

Видеоблогер Аминка Витаминканың отбасы Мәскеуге көшті

Танымал видеоблогер қыз Аминка Витаминканың отбасы Мәскеуге көшіп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz қыздың анасы Арай Малғажардың сөзіне сілтеме жасап.

«Біз отбасымызбен Мәскеуге көшеміз, біраз уақытқа. Уақытша. Жобаларға қатысамыз, бірақ әзірше олар туралы айта алмаймын», – деді Аминка-Витаминканың анасы.

Арай Малғажардың айтуынша, Амина мәскеулік мектепте оқитын болады.

2017 жылы Аминка Витаминка Мәскеуге «Привет, Андрей» телебағдарламасына, «Лучше всех!» және «Синяя птица» шоуларына қатысуға шақырту алған. Бірақ олар қыздың анасының денсаулығындағы проблемаға байланысты бас тартуға мәжбүр болыпты.

Амина мен оның сіңлілері Адия мен Аружан Instagram желісіндегі тартымды мини-роликтерінің («вайндар») арқасында Қазнетте танымал болды. 2015 жылы тамызда алғашқы вайндар шықты, оларды Желі қолданушылары бірден ұнатты. Қазір Аминка Витаминканың YouТube-арнасында 1,9 миллион және Instagram парақшасында 1 миллион жазылушысы бар.


Сурет / © іnstagram.com/aminokka



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир