|
10.12.2018 | 12:24
1753

Қазақстандықтарға пәтерінде қанша адам тіркелгені жайлы хабарлама жіберіледі

Қазақстандықтарға пәтерінде қанша адам тіркелгені жайлы хабарлама жіберіледі

Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе электронды үкімет порталы арқылы оның мекенжайы бойынша тіркелген адамдардың санын біле алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері мұның алдында барлық мемлекеттік органның мекенжайды тіркеу кодының (МТК) негізінде мекенжай мәліметтерінің бірыңғай форматына көшуі туралы хабарлаған болатын.


ІІМ өкілдерінің айтуынша, енді өзінің мекенжайына қатысты мәліметті әр азамат қана емес, тұрғын үй иесі де ХКО немесе электронды үкімет порталына жүгіне отырып оның мекенжайында тіркелген адамдарға да ала алады. Осылайша, анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге кеткендер) көрсетіліп жатыр.

Осыған байланысты қайтыс болғандарды, ҚР тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді, ҚР азаматтығынан шыққандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізіліп жатыр.


«Қазіргі уақытта электронды үкімет порталына SMS-хабарлама, мобильді қосымшалар жолдау арқылы, төлеу терминалдары, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте, нотариустың жылжымайтын мүлік объектісін сатып алушыға сатып алу-сату шартын ресімдеу кезінде сатып алуға жататын тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабарландыру сервистері әзірленіп жатыр», - делінген ІІМ өкілдерінің хабарламасында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

прописка
Новости партнеров
Прямой эфир