Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері терроризмді насихаттады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҰҚК сайтына сілтеме жасап.
«2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Олардан тұрғылықты мекенжай бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың алынғаны айтылады. Комитеттегілердің мәліметінше, 17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.