ШҚО-да 11 жастағы бала бензинмен сараптама жасаймын деп көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданына қарасты Черемшанка аулынды болды. 11 жастағы баланың денесін күйік шалды, деп хабарлайды stan.kz.
ШҚО ТЖД мәліметінше, бала жанармаймен ойнағанды жақсы көрген. Бұл туралы куәгерлер айтты. Бензинді жағып, зерттеу жасамақ болған. Баласы ойнап отырған уақытта анасы басқа бөлмеде ұйықтап жатыпты. Болжам бойынша, анасы мас күйінде болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылмаған. Қазіргі уақытта іс полицейлерге берілді.
Төтеншеліктер ата-аналарды сақ болуға шақырды. Балаларға көп көңіл бөліп, қауіпті жағдайда қалдырмауды сұрайды.
Жыл басынан бері ШҚО-да отпен ойнау салдарынан 700 өрт жағдайы тіркелді. Мұның 55-і балалардың салғырттығынан болып отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10