Мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлері 18:30-да автоматты түрде өшіріледі

Мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлері 18:30-да автоматты түрде өшіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сегіз сағаттық жұмыс күніне кейін мелекеттік органдардағы компьютерлердің өшірілуін қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық мемлекеттік органдарға өзгермелі кесте мен сегіз сағаттық жұмыс күніне кейін мелекеттік органдардағы компьютерлердің автоматты өшірілуін енгізу қажет. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы тарапынан сын айтылды Барлық дерлік меморгандар мұны қолдады, 18:30-да компьютерлерді өшіруді орталықтандыру мәселелері шешілді. Енді мұны қадағалау керек. Біз мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мен жеке өмірі арасындағы теңгерімді сақтауымыз керек», - деді Шпекбаев.

2018 жылдың екінші жартысындағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында. Сонымен бірге, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкердің электронды құжат айналымы жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы айтып берді.

«Жаппай «бұлттық» технологиялар енгізіліп жатқанда, біз мемлекеттік қызметкердің кабинетке байлап, басқару шешімдерін қабылдауда қажетсіз әуре-сарсаңға салып жатырмыз», - деді ол.


Новости партнеров