ШҚО-да Алтай қаласы пайда болды

27.12.2018 17:27

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданы мен қаласының атауы өзгерді. Ендігі олар Алтай деп аталады.

Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов «Алтай» арнасының  тікелей эфирінде жылды қорытындылау барысында айтты, деп жазады Stan.kz.

ШҚО әкімі бұдан былай Зырян ауданы мен Зырян қаласын Алтай деп атауға болатынын айтты. Облыс басшысының сөзінше, Зырян облысы мен қала атауын өзгерту туралы Үкімет тиісті қаулы шығарған.

Сонымен қатар, ол ауданда Тұрғысын суэлектр стансасы салынып жатқанын атап өтті.