Өскемендік отбасы “Что? Где? Когда?” бағдарламасынан 60 мың рубль ұтып алды

Өскемендік отбасы “Что? Где? Когда?” бағдарламасынан 60 мың рубль ұтып алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей телеарнасындағы «Что? Где? Когда?» бағдарламасының білгірлері өскемендік отбасының сауалына жауап таппады, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Ақын Роберт Рождественскийдің пікірінше, қандай жағдайда ғажайыптар – ғажайып, күйініш – күйініш, серт – серт, ұрыс – ұрыс болмайды?» Өскемендік отбасының 2 желтоқсанда тікелей эфирде жолдаған сауалы осы болатын. Алесь Мухин бастаған бағдарлама қатысушылары «үйде жалғыз болған жағдайда мүмкін болмайды. Себебі, жалғыз адам бұл сезімдерді ешкіммен бөлісе алмайды», - деп жауап берді.

Қате! Өскемендіктердің айтуынша, сұрақтың жауабы мынадай: «күнделікті ғажайыптар ғажайып емес, күндегі күйініш күйініш емес, күндегі серт серт емес, күндегі ұрыс ұрыс емес. Күнделікті нәрсе болғандықтан оларға назар да салмайсың, мән де бермейсің».

Ойын қортындысы бойынша, көрермендер 6:5 есебімен жеңіске жетіп, жерлесіміз 60 мың рубль ұтып алды. Бұл туралы Қазцинк кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтысынша, жеңімпаз отбасының отағасы Вадим Кушнарев аталмыш кәсіпорында қызмет етеді екен.


Біздің есебімізше, 60 мың рубль – 336 мың теңгенің шамасында.



Новости партнеров